Алматыда 23 шілдеде жоғалып кеткен 16 жастағы семсерлесуден спорт шеберіне үміткер Анастасия Смирнова аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еріктінің Facebook желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.

Жазбаға қарағанда Анастасия 24 шілдеде 17 жастағы Назар есімді жігітпен кетіп қалған. Жедел түрде іздестіру шаралары жүргізілді. Сондай-ақ, Назардың қиын жасөспірімдердің есебінде тұрғаны анықталды.
Содан біраз уақыттан өткен соң Назар өзінің Instagram желісіндегі парақшасына үстел үстінде түрлі түсініксіз препараттар түсірілген видео жариялады.
Кейінірек Анастасияның анасы Екатерина Смирноваға куәгерлерден қоңырау келіп түседі. Куәгерлердің айтуынша, олар "Шымбұлақтағы" қонақүйлердің бірінде маңында бір топ жастарды байқаған.
Еске сала кетейік, Анастасия Смирнова жексенбіде, 23 шілдеде Қырғызстанда семсерлесуден жарыстан келіп, досымен кездесуге шығып, үйіне оралмаған болатын. Туыстарының айтуынша, соңғы қоңырау "Сайран" автовокзалының аумағынан шалынған.