28 қаңтар 2019 | 11:38

Алматыда жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/inskij © instagram.com/inskij

Алматы полицейлері жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданының 1999 жылғы тұрғыны Валерия Погребняктің жоғалып кеткені жайлы полицияға хабарлама түскен. Құқық қорғау органдарының өкілдері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Валерияның досы - қыз жоғалып кеткенге дейін онымен бірге болған 2000 жылғы жігіттен жауап алды. 

"Жүргізілген шаралар барысында оның қыздың жоғалып кетуіне қатысы бар екені анықталды: ол тергеу барысында адам өлтіргенін мойындап, тіпті қыздың денесін қайда жасырғанын айтқан. Бұл оқиға Валерия Погребняк тұратын ауылдың маңында болған. Бұған, болжам бойынша, қызғаныш себеп болған", - деп хабарлады полицейлер.

Күдікті берген жауаптарға қарағанда олар жанжалдасып қалған, артынша ол Валерияны өлтірген. Қылмысты жасыру үшін қыздың денесін көміп тастаған.

"Әуезов аудандық Полиция басқармасындағы іздестіру бойынша тіркелген іс өзгертілді, қазіргі уақытта адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады полицейлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dima (@inskij)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети