Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент Арман Нұржанұлы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Константин Авершин айтты.
Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент Арман Нұржанұлы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Константин Авершин айтты.
"Арман Нұржанұлы табылды! Аман-есен. Есте сақтау қабілетіне байланысты проблемалар бар", - деп жазған Авершин жігітті іздестіруге ат салысқан адамдарға алғыс айта отырып.
Еске сала кетейік, 22 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны жайлы 6 маусымда хабарланған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Арман Нұржанұлы 1 маусымда үйінен кетіп, сол күйі оралмаған.