ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2018 | 08:05
Алматыда жоғалып кеткен Hit tv телеарнасының журналисі өлі табылды
Отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен журналист Айгерім Мұсаеваның денесі Алматыда Түрксіб ауданында табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен журналист Айгерім Мұсаеваның денесі Алматыда Түрксіб ауданында табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
"2018 жылы 20 қазанда сағат 00.20-да Түрксіб ауданындағы Боралдай көшесімен өтетін теміржолда әйелдің мәйіті табылды. Оны тепловоз қағып кеткен. Өзімен құжаттары болмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның денесі мәйітханаға жеткізілген", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, ведомстводағылардың айтуынша, 20 қазанда сағат 17.05-те "102" қызметіне Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғынынан хабарлама келген. Айтуынша, 19 қазанда отбасында болған жанжалдан кейін 1991 жылғы Мұсаева белгісіз бағытта үйінен кетіп қалып, қайтып оралмаған.
Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, тепловоз қағып кеткен әйелді ағасы таныды. Қазір ІІД қызметкерлері көлікте тиісті іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Айгерімнің артында екі баласы қалды. Ол Hit TV телеарнасында журналист, продюсер болып жұмыс істеген еді. Жасы 27-те болатын.
Показать комментарии
Читайте также