Алматыда жоғалып кеткен Hit tv телеарнасының журналисі өлі табылды

22 Қазан 2018, 08:05
0
Алматыда жоғалып кеткен Hit tv телеарнасының журналисі өлі табылды -

Отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен журналист Айгерім Мұсаеваның денесі Алматыда Түрксіб ауданында табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

"2018 жылы 20 қазанда сағат 00.20-да Түрксіб ауданындағы Боралдай көшесімен өтетін теміржолда әйелдің мәйіті табылды. Оны тепловоз қағып кеткен. Өзімен құжаттары болмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның денесі мәйітханаға жеткізілген", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, ведомстводағылардың айтуынша, 20 қазанда сағат 17.05-те "102" қызметіне Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғынынан хабарлама келген. Айтуынша, 19 қазанда отбасында болған жанжалдан кейін 1991 жылғы Мұсаева белгісіз бағытта үйінен кетіп қалып, қайтып оралмаған. 

Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, тепловоз қағып кеткен әйелді ағасы таныды. Қазір ІІД қызметкерлері көлікте тиісті іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Айгерімнің артында екі баласы қалды. Ол Hit TV телеарнасында журналист, продюсер болып жұмыс істеген еді. Жасы 27-те болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай