Алматыда жол апаты болды: жүргізушінің жағдайы нашарлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда көлік жүргізіп келе жатқан тұрғынның жағдайы нашарлап кеткен. Салдарынан жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік жүргізіп келе жатқан тұрғынның жағдайы нашарлап кеткен. Салдарынан жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыда жол апаты болған жерден түсірілген видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, бұл Райымбек даңғылында, Абылай хан көшесімен қиылыста болған.

Алматы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Daewoo Matiz маркалы автокөліктің жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, денсаулығының нашарлауына байланысты рульге ие бола алмай қалған және Cherry маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Әрі қарай Daewoo Matiz инерция бойынша ағашқа соғылған", - деп хабарлады полиция.

Оқиға салдарынан көліктің жүргізушісі зардап шеккен. Алмалы аудандық ПБ қызметкерлері апаттың себептері мен мән-жайын анықтауға кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети