Алматыда жол апаты болып, бес адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апаты болып, бес адам зардап шекті Фото "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы. 

Оқиға 24 ақпанда таңда Хмельницкий мен Орджоникидзе көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Passat жүргізушісі шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Ал шығыс бағытқа бет алған Mazda көлігінің жүргізушісі Орджоникидзе көшесіне бұрылмақ болған. Бірақ қарсы бағыттағы көлікті өткізбей, соқтығысқан. 

Жол апатынан Passat көлігінде отырған жолаушы, Mazda көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы зардап шеккен. Олар түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір қала полициясы апатты тексеріп жатыр. 


Фото "Территория происшествий" бағдарламасынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети