06 қараша 2019 15:43

Алматыда жол апаты салдарынан 5 жасар бала зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Daewoo Nexia көлігі Ford Mustang маркалы автомобильге соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Daewoo Nexia көлігі Ford Mustang маркалы автомобильге соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Ford Mustang және Daewoo Nexia Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Момышұлы көшесінен өткеннен кейін Mustang тоқтаған, ал Nexia әрекет етіп үлгермей бар жылдамдығымен Mustang автомобилінің артынан соққан. 

Соққы салдарынан ары қарай ауладан шығу кезінде автокөліктерді жіберіп тұрған Toyota Gracia көлігін соққан.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті - олар Nexia салонында отырған жүргізуші мен бала. Жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді, ал баланы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға алып кетті. Mustang жүргізушісі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен. 

Қалалық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. 


Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети