16 сәуір күні Алматыда бағанға соғылып қалған жолаушылар автобусының жүргізушісі рульде отырып ұйықтап кеткенін мойындады, бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер айтты.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мамандары бұл оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалатыны не қозғалмайтыны жөнінде сұраққа жауап бере алмады. "Қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғала ма ол жолаушылардың алған дене жарақаттарына және адамдардың денсаулығына қаншалықты зақым келгеніне байланысты болады. Егер олар орташа немесе ауыр жарақат алса қылмыстық іс, ал жеңіл болса әкімшілік іс қозғалады. Барлығын сотмедсараптама анықтайды", - деді баспасөз қызметінің басшысы, полиция майоры Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, кеше, 16 сәуірде Алматыда 304-бағыттағы автобус көшедегі жарық шамдары бағанына соғылды. Жол апаты Сүйінбай даңғылы бойымен Богдан Хмельницкий көшесінен төмен жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан 15 адам зардап шегіп, олардың біреуі ауыр халде жатыр. Жолаушылар жүргізушінің рульде отырып ұйықтап кеткенін және соның салдарынан автобустың бағанға барып соғылғанын айтты.