02 қыркүйек 2019 10:13

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Сүйінбай даңғылы мен Баян ауыл көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Subaru автокөлігі Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Баян ауыл көшесіне солға бұрылмақшы болады. Осы кезде Сүйінбй даңғылымен солтүстік бағытта Mitsubishi Рajero келе жатқан. Осылайша Subaru жол талғамайтын көлікке соқтығысқан. Соққы салдарынан Mitsubishi Рajero металл бағанаға соқтығысып, аударылып кеткен. Сондай-ақ, көліктің артқы бөлігі Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан тағы бір көлікке соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Рajero маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Сонымен қатар, жол апаты салдарынан 1955 жылғы әйел мен 1998 жылғы қыз бала қайтыс болды.

Қалалық полиция қызметкерлері жол апаты болған аймақты полиция қоршауға алған. Құқы қорғау органдары мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети