Алматыда Райымбек батыр даңғылында Subaru автокөлігі жоғары жылдамдықпен Toyota көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.
Алматыда Райымбек батыр даңғылында Subaru автокөлігі жоғары жылдамдықпен Toyota көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.
Жол апаты Өтеген батыр мен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota шығысқа қарай бет алған. Сол сәтте жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған, бұған жауған жаңбыр себеп болуы мүмкін. Салдарынан автокөлік қарсы жолаққа шығып кеткен, сол сәтте оған жоғары жылдамдықпен келе жатқан Subaru көлігі соқтығысқан.
Фото СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасынан
1981 және 1988 жылы туған екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты. Toyota көлігіндегі қыз түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.