16 қыркүйек 2019 | 12:37

Алматыда жол апатынан екі қыз мерт болды: Mercedes жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Полицейлер Алматыда екі қызды қағып өлтірген жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Алматыда екі қызды қағып өлтірген жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Ведомство өкілдері осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (" Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын айтты. 

Еске салайық, Алматыда Mercedes автокөлігі бар жылдамдығымен жолдардың қиылысынан өтіп бара жатқаны екі қызды қағып кеткен еді. Оқиға Мақатаев көшесі мен Абылай хан даңғылының бойында болған. Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты жылдамдықпен қозғалған. 

Жүргізуші бағдаршамның сары түсіне үлгермекші болып, зулаған. Осы кезде жолда 2000 жылғы екі қыз кетіп бара жатқан. 

Жүргізуші қыздарды қағып кетпеу үшін әрекет жасаған, алайда ол бар жылдамдығымен екі қызды да қаққан. Екі қызда жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қаза тапты. 


Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Қалалық полицейлер оқиғаның мән жайын анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети