07 қараша 2018 16:52

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан Сурет "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыдағы Рысқұлов даңғылының бойында жол апатынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыдағы Рысқұлов даңғылының бойында жол апатынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Рысқұлов даңғылының бойында Жансүгіров пен Қазыбаев көшелерінің аралығында болды. Куәгерлердің және ВАЗ 2114 көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз автокөлік оның жолын кесіп кеткен, нәтижесінде ол соқтығысудан қашып, тізгінді оңға бұрып жіберген. Осылайша ол бордюрге шығып кетіп, артынша арыққа тіреліп, металл бағананы құлатқан. Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті - жүргізуші және екі жолаушы. Барлығы да түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қалалық полиция мамандары оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.


Суреттер "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети