Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан жүкті әйел қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан жүкті әйел қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол апаты Сайын көшесінің бойында Ұлықбек пен Абай көшелерінің аралығында болды. Honda автокөлігі оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік жолдың шетіне шығып кетіп, бетон бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізушінің аяғы сынды, ал оның жанында болған жұбайы алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты, әйел жүктіліктің алтыншы айында болған. Жедел жәрдем қызметінің мамандары әйелдің өмірі үшін бір жарым сағаттан аса уақыт бойы күресті.
Жүргізушінің айтуынша, оның жолын өзге бір көлік қиып өтіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөліктің номері мен маркасын есіне сақтап үлгермепті. Оның сөзіне қарағанда, ол соғылып қалмау үшін бірден оңға қарай бұрылған. Алайда, куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас болыпты.