30 қазан 2014 | 17:05

Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Антонина Громцеваның ісін ІІМ сұратып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антонина Громцева. ©Әлеуметтік желілерден Антонина Громцева. ©Әлеуметтік желілерден

ҚР Ішкі істер министрлігі 2012 жылдың жазында жол көлік оқиғасынан зардап шеккен Антонина Громцеваға қатысты қылмыстық істі сұратып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың қорғаушысы Жохар Өтебеков айтты. Еске салайық, Громцева жалған шағым түсірді деп айыпталып жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ішкі істер министрлігі 2012 жылдың жазында жол көлік оқиғасынан зардап шеккен Антонина Громцеваға қатысты қылмыстық істі сұратып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың қорғаушысы Жохар Өтебеков айтты. Еске салайық, Громцева жалған шағым түсірді деп айыпталып жатыр.

Адвокаттың айтуынша, ІІМ тергеу департаментінен материалдардың қайтарылғанынша қоғаушы тарапының шағымы бойынша іс сотта тоқтатылды. Айта кетейік, Өтебеков ІІД тергеушісінің Громцеваны айыпты ретінде шығарған қаулысына қатысты шағым түсірген. 

"Теория бойынша, ІІМ тергеу департаменті істі өзінің тергеуіне ала алады, бірақ ол не Антонина Громцеваға қатысты істі тоқтатуға жағдай жасауы мүмкін, не Алматы ІІД-не қандай да бір нұсқау беруі мүмкін", - деді адвокат. Оның айтуынша, ІІМ-нің әрекеті - ведомство басшысынан атышулы іске назар аударуды сұраған депутат Айгүл Соловьеваның Парламентте айтқан сөзіне білдірген реакциясы екен.

Айта кетейік, 2012 жылдың 16 маусымында Алматыда жол-көлік оқиғасы болды, онда Громцева өз көлігімен қиылыстан өтіп бара жатқан. Оны үлкен жылдамдықпен Porsche Cayenne соғады. Рульде Олжас Қосжан болған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, жол апаты кезінде қыз жүкті болған, ал осы жағдайда ол баласын түсіріп алған. Сот Қосжанды жол-көлік оқиғасын жасады деп тауып, оны бір жылға бас бостандығынан шектеді. 

Екі жыл өткен соң оқиға қайта жалғасты. Громцеваға жалған шағым түсірді деп айып тағылғаны белгілі болды. Қалалық прокуратура енді жәбірленушіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Патологоанатомиялық бюро сарапшылары 2012 жылы қыздың жүкті екендігі жайлы ешқашан ақпарат бермегенін мәлімдеді. Ізінше қызға жалған шағым түсіргені үшін айып тағылды. Қоса кетейік, тергеу кезінде Громцева жүктіліктің соңғы мерзімінде болды, ол 28 қазанда босанды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети