Алматыда жол қоршауын бұзған Mitsubishi екі көлікті зақымдады

09 Қазан 2014, 12:50
0
Алматыда жол қоршауын бұзған Mitsubishi екі көлікті зақымдады - ©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда Mitsubishi көлігінің жүргізушісі жолдың ортасындағы қоршауды құлатып, қарсы жолаққа шығып кетті де, Toyota маркалы екі автокөлікке соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Әл-Фараби мен Жароков көшелерінің қиылысында болды. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатып рөлге ие бола алмай, жолды бөліп тұратын қоршауды бұзып өткен. Салдарынан автокөлік қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп жол шетіндегі тұрақта тұрған Toyota автокөлігіне соғылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. 

Еске сала кетсек, 6 қазанда Алматы қаласында болған жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тапты және үш адам түрлі жарақат алды. Жол апаты Момышұлы көшесінің бойында Райымбек даңғылы мен Рысқұлов даңғылының арасындағы жаяу жүргінші жолында болды. Lexus автокөлігінің жүргізушісі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жаяу адамды өткізіп жіберу үшін аялдаған. Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant жаяу адамды кеш байқап, солға оқыс бұрылады да, қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде ол Lexus автокөлігімен соқтығысып қалды. Алматыдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus жүргізушісі мен жолаушысы және Mitsubishi Galant жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал Mitsubishi Galant көлігінің 1982 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оны автокөліктен алып шығу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай