Алматыда жол апатынан кейін автомобиль жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жол апатынан кейін автомобиль жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев пен Есқарев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado Есқараев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Қиылыта ол Lexus автокөлігіне жол бермей бар жылдамдығымен соқтығысқан. Соққыдан жол талғамайтын көлік тротуарға шығып кетіп, үш адамды - екі қыз бір жігітті қағып кеткен.
Қыз баланың бірі жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болған. Жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екінші қызды дәрігерлер қарап шыққаннан кейін, ол ауруханада жатудан бас тартты.
Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.
Сурет "Территория происшествий" бғдарламасынан