Алматыда автобус жүргізушісі жолаушы қызға балағат сөздер айтты, оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматыда автобус жүргізушісі жолаушы қызға балағат сөздер айтты, оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Instagram пабликтерінің бірінде қыз бен автобус жүргізушісінің арасында болған әңгіменің видеосы жарияланды, оны қыз оқиға кезінде түсіріп алған. Кадрдан ер адамның қызға балағат сөздер айтып, дөрекілік танытқанын көруге болады. Назар аударыңыз, видеода балағат сөздер бар!
"Бүгін №80 автобуста кетіп бара жаттым, жүргізуші Оңаймен немесе қолма-қол ақшамен жол ақысын төлеуді айтты. Мен СМС-пен төледім, осыдан кейін жүргізуші тиісіп, төбелеспекші болды", - деді қыз.
"Green Bus Company" ЖШС Алматы филиалының директоры Бауыржан Құлышевтің айтуынша, жүргізуші жұмыстан босатылады. "Жүргізушіні рейстен алып тастадық, дүйсенбіде жұмыстан шығарамыз", - деді Құлышев.
Сонымен қатар, ол жүргізушілер жәбірлеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полицияға хабарласуға кеңес берді.