Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жолаушылар автобустарының бірінде бірнеше ер адамның төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жолаушылар автобустарының бірінде бірнеше ер адамның төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 19 қыркүйекте кешкі уақытта болған: адамға толы автобуста үш ер адам жолаушыға шабуыл жасап, оны ұра бастаған, содан кейін олар басқа жолаушыларға ауысқан. Жүргізуші араша түсу үшін автобусты тоқтатып, салонға кіреді.

Видеода бір ер адам жүргізушіні тамағынан қылқындырып, онымен бірге көліктен құлағанын көруге болады. Тағы екеуі жүгіріп барып, жүргізушіні тепкілейді. Осыдан кейін үш қаскүнем қашып кетеді.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, видеоға түсірілген оқиға бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

"Жанжалға қатысушылардың жеке басы мен оқиғаның алдын ала мән-жайы анықталды. Олардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп қысқаша түсініктеме берді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети