28 ақпан 2018 10:29

Алматыда жолаушылар отырған екі автобус соқтығысты: 9 адам зардап шекті

Сурет "Территория происшествий".

Алматыда екі автобус пен Toyota көлігі соқтығысты, - деп  хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға Шаңырақ ықшамауданындағы Шәріпов көшесінде болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі автобус пен Toyota көлігі соқтығысты, - деп  хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға Шаңырақ ықшамауданындағы Шәріпов көшесінде болған. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің сөзінше, ЖКО ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. № 25 бағыттағы автобус жүргізушісі солтүстікке бет алып келе жатып, ұзақ бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған. Көктайғақ салдарынан оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан ол №102 бағыттағы автобусқа соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шекті. 

Автобус жүргізушілері полицейлерге оқиғаның қалай болғанын баяндап тұрған кезде автобустардың біріне жеңіл көлік соғылған. 

"Оқиға орнында тексеріс жүріп жатқанда автобустардың біріне Toyota Camry маркалы көлік соғылды. Жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - дейді куәгерлер. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram