Алматыда жолда өртсөндіргішпен пранк жасағандар жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры/rustam.abdrakhmanov_/Instagram

Алматыда жолда өртсөндіргішпен пранк жасағандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жолда өртсөндіргішпен пранк жасағандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында жариялады.

"6.09.1999 жылы туған Әлиакбаров, 26.06.2002 жылы туған Армиянов және оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) әрекеті ҚК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша сараланды.

Армиянов бұған дейін метрода жолаушылардың мазасын алып, музыканың дыбысын қатты шығарып пранк жасағандардың бірі және бұған дейін ҚР ҚК-ның 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл әрекеттері айыппұл немесе әкімшілік қамауға алуға жатады.

Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 24 қарашада мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаулысымен Әлиакбаров әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. Армияновқа қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Рустам Әбдірахманов.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жазаланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная