18 қараша 2021 10:22

Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/©polisia.kz Видео кадры/©polisia.kz

Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Метрополитендегі Полиция басқармасы мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар дыбыс ұлғайтқыш көмегімен музыканы қатты қойып, жолаушылар наразылығына мән бермеген.

Портал кейбір жолаушылар кенеттен қатты шыққан дыбыстан шошып қалғанын жазған. Олардың бірі "Жібек жолы" бекетінде полиция қызметкерлеріне жүгінген. Алайда қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектор талабына да қарсылық танытқан.

"19 және 22 жастағы үш ер адманың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша тіркелген. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді Метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрұнов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети