Алматыда бағдаршамның қызыл белгісі жанып тұрғанда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды мопед қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.
Алматыда бағдаршамның қызыл белгісі жанып тұрғанда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды мопед қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.
Оқиға Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған.
Куәгердің сөзінше, мопедші жігіт Розыбакиев бойымен солтүстікке қарай бағдаршамның жасыл түсіне жүріп бара жатқан. Осы кезде қыз жолдан бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан жүгіріп өтпек болған. Оқиға салдарынан екеуі де түрлі жарақаттармен ЖШККА-ға жеткізілді.
© СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы