Алматыда жолдан өтпек болған ер адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жолдан өтпек болған ер адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 2 ақпан күні Рысқұлов даңғылының Лобачевский көшесімен қиылысатын тұсында болған. Жерасты өткелі 50 метр ғана жерде болғанына қарамастан, ер адам жолдан рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтпек болған. Осы уақытта оны Рысқұлов даңғылымен шығысқа бет алып келе жатқан Mitsubishi Galant көлігі қағып кеткен. Алған жарақаттардан ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Көз жұмған ер адам 1967 жылы туған. Қазіргі кезде полицейлер ЖКО-ның мән-жайын анықтап жатыр.
© "Территория происшествий"