26 қаңтар 2021 11:37

Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр Кадр

Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті. 1971 жылғы азаматша оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті. 1971 жылғы азаматша оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 26 қаңтарда таңертең Жандосов және Кекілбайұлы (Каблуков) көшелерінің қиылысында болды. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-да таралды. Кадрдан ЖКО орнына полицияның екі көлігі мен жедел жәрдем келгені көрініп тұр.

Полиция апат 08.00 шамасында болғанын хабарлады. 32 жастағы ЛиАЗ маркалы автобус жүргізушісі Жандосов бойымен шығыс бағытта келе жатқан.

"Кекілбайұлы көшесінің қиылысында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1971 жылы туған азаматша жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Оқиға орнынан шығысқа қарай 300 метр жерде жерасты өткелі, ал батыста жаяу жүргіншілер өткелі бар. Жол апаты салдарынан алған жарақаттан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети