14 қазан 2018 16:35

Алматыда жүгіру жарысы кезінде қайғылы оқиға болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алматыда жүгіру жарысына қатысқан жігіт мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жүгіру жарысына қатысқан жігіт мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүгіруден жарыс кезінде астаналық 18 жастағы Максим Королев қайтыс болды. Ол Санкт-Петербург гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалының студенті.

Жанкүйер ретінде келген группаластарының айтуынша, қаза тапқан жігіттің "күрес пен самбодан" ҚР спорт шебері кандидатының квалификациясы бар, кросстан қалалық спартакиаданың жүлдегері (1 орын). Куәгерлердің айтуынша, мәреге бір квартал жетпей Абай көшесімен жүгіріп келе жатқан жігіттің жағдайы кенеттен нашарлаған.

Оқиға болған жерге үш минуттан соң келген жедел жәрдем бригадасы өлімді растады. Дәрігерлердің айтуынша, жігіттің қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама негізінде белгілі болады, ал оның нәтижесін таяу арада туыстары хабарлайды. Ұйымдастырушылар туыстарымен байланысып, көңіл айтты, олар ата-анасының Алматыға келуіне көмектеседі.

"Бірінші болуға батылдық" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаеваның айтуынша, әдетте барлық қашықтықтың жүгіру жолы Ішкі істер департаментімен бірге мұқият ойластырылады. Жедел жәрдем станциялары және әр тамақтану пунктісінде медицина персоналдары алғашқы көмек көрсету үшін жұмыс істейді.

"Алайда, осы қайғылы оқиғадан кейін спортшыларды жарысқа жіберуге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылады", - деді Салтанат Қазыбаева.

"Бірінші болуға батылдық" корпоративтік қоры өкілдері марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети