Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің студенті камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің студенті камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Университеттің бесінші курсында оқитын Санжарбек сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні достарымен туған күнін тойлапты. Түнгі сағат 2 жарым шамасында Құрманғазы көшесі мен Есентай өзенінің қиылысқан тұсында көлікті тоқтатып, сыртқа шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Тек оның темір қоршаудан өзен аңғарына қарай құлап түскені жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бірақ өзен арнасын сүзіп шыққан сүңгуірлер онда адам денесін таба алмады. Сөйтіп, аяқасты жоғалған студент не судан, не жерден табылмай жатыр. Полициядан бөлек, туған-туысы мен бірге оқитын курстастары бүгін үшінші күн қатарынан Санжарбекті іздеп бүкіл қаланы шарлап жүр.
Арзиевтің бірге оқитын досы Еркебұлан Нұрболатовтың айтуынша, ол оны жоғары жаққа кетіп қалған деп ойлаған. "Дереу Весновкамен Абай көшесіне қарай көтеріліп, келесі бетімен түстік төмен қарай. Сол жүргізуші бала екеуміз мынау төмен қарай барып, көріп келдік. Ол жақта болған жоқ. Сосын ойладық, такси ұстап үйіне кетіп қалған шығар деп біз машинаға отырдық та кетіп қалдық", - деді ол. Дереккөз: КТК