Алматыда Lexus тізгінін басқарған әйел жол бойында тұрған көліктерді соғып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда Lexus тізгінін басқарған әйел жол бойында тұрған көліктерді соғып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Тұрғыт Озал көшесінде болған. Әйел тізгінге ие бола алмай, жол бойында тұрған екі көлікті соғып кеткен.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, әйел жол-көлік оқиғасынан кейін жасырынып кетпекші болған, бірақ оны оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұстаған.
Сондай-ақ, әйелдің мас күйде болғаны айтылады. Кейінірек әйел көлікте жалғыз болмағаны анықталған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.