23 қараша 2016 17:15

Алматыда жүргізуші мен кондуктордың жанжалы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Алматыда куәгерлер кондуктор мен жүргізушінің жанжалын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда куәгерлер кондуктор мен жүргізушінің жанжалын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқырман редакцияға Алматының қоғамдық көлігінде болған жағдайдың видеосын жолдады. Куәгердің айтуынша, төбелес Рысқұлов даңғылының Немирович-Данченко қиылысатын тұсында болған. 

"Біздің автобус басқа автобусты басып озды да, біздің ауысуымызды сұрады. Сол кезде тағы бір № 38 келді. Үш автобус арасында ерегіс басталды. Видода бәрі көрініп тұр. Меніңше, үш автобус та - № 38 (...). 10-12 минуттай болды бұл жағдай. Бір автобустан екіншісіне ауысқанша, кондуктор жолаушылармен сөзге келе бастады, сосын бір қызбен төбелесе жаздады. Мен ол кондуктор қызды ажыратып, артқа тарттым", - дейді куәгер. 

Сонымен бірге, оның сөзінше, кондуктор оның қолынан видеоға түсіріп жатқан телефонды жұлып алмақ болған.

Еске салайық, жазда Алматыда автобус жүргізушілері арасында төбелес болған. Төбелескен жүргізушілерге қатаң сөгіс жарияланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети