21 қыркүйек 2018 | 09:03

Алматыда жылқылар тасжолға шығып кеткен: Жол апатынан 14 жастағы қыз қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері түн ортасында болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Апаттан 14 жастағы қыз қаза тауып, тағы жеті адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының полицейлері түн ортасында болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Апаттан 14 жастағы қыз қаза тауып, тағы жеті адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Талғар-Ақбұлақ тасжолында болған. Түнде отбасы үйіне қайтып бара жатқан. Автокөлікте сегіз адам, оның ішінде бес бала болған. Кенеттен жолға аттар шауып шығып, жүргізуші абайсызда оның бірін қағып кеткен. Сөйтіп, атты 50 шақырым көліктің капотында сүйреп, ағашқа бірақ соғылған. 

Жолаушылардың бірі Гүлзада Бегімбетова ауруханада ауыр жағдайда жатқанына бірнеше күн болған. Ал оқиғаның мән-жайын есіне әрең түсіреді. Себебі, жол-көлік оқиғасында бірден есінен танған, тіпті қайғылы оқиға кезінде өзінің 14 жастағы қызы қаза тапқанын да әлі білмейді екен. Әзірше оған бұл туралы айтпауды жөн көрген екен. 

"Қолымда балаларым болған, олар туралы әрдайым уайымдап отырдым. Жедел-жәрдем шақыруды сұрадым, кейін қызым ес-түссіз жатқанын ғана көрдім. Ары-қарай не болғаны есімде жоқ", - дейді зардап шегуші. 

28 жастағы Медгат Бектұров көліктің жүргізушісі болған. Ер адамның миы шайқалып, түрлі жарақат алған. "Ат бірден оң жақтан қарай шауып шықты, соққы болды, ары қарай не болғанын білмеймін. Атбегі маған қол ұшын да, созбады. Есімді жиған кезде бізге қарап тұрып, көмектеспеді. Кейін бір көлік келіп еді, жасырынып кетіп қалыпты", - дейді жүргізуші. 

Зардап шеккендердің арасында төрт бала бар. Ең кішісінің жасы бірде екен. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің қарауында. 

Алматы облысының полиция қызметкерлері бұл іс бақылауға алынғанын айтып мәлімдеді. Жақын арада түн ортасынада болған жол-көлік оқиғасының барлық куәгерін табуға уәде берді. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети