Алматыда жылу құбыры жарылды: бір адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жылу құбыры жарылды: бір адам зардап шекті

Алматыда жылу құбыры жарылысы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жылу құбыры жарылысы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Сондай-ақ, жол жиегіне тұраққа қойлыған үш көлік "суға кеткен". "Автокөлік иелері "Алматы жылу жүйесі" мекемесінен өтемақы талап ете алады", - деді компания өкілдері. 

"Құбырлардағы су температурасы - 50-60 градус, сол себепті қандай да бір зардап келуі мүмкін емес. Апаттың себебі - құбырдың тозуы. 1971 жылғы құбыр. Ол өз ісін атқарды. Гидравликалық сынақтан сәтті өтті. Құбыр диаметрі - 700 миллиметр. Оқиға Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесі аумағында, батыс бөлігінде болды. 13.00 шамасында болған. Қазір сол аудандағы су құбыры жабылды, оқиға орнында апатты-құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.

Еске салайық, Алматы көшелерінің бірін жылу жолынан аққан ыстық су басып тастағаны хабарланған. 

Портал оқырмандары редакцияның WhatsApp нөміріне оқиға орнынан фото мен видеолар жіберген. Олардың айтуынша, төтенше жағдай Бөкейханов көшесінде болған.

Видео кадрларынан су басқан жолмен машиналардың өтіп жатқанын көруге болады. Кейбірі су астына кіріп, қозғалысты жалғастыра алмаған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети