13 желтоқсан 2023 | 09:27

Алматыда қанша студент хостелде тұруға мәжбүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда қанша және қай университет студенттері хостелде тұруға мәжбүр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда қанша және қай университет студенттері хостелде тұруға мәжбүр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгінде Қазақстанда 104 жоғары оқу орнында 381 жатақхана бар екенін хабарлады. Студенттік жатын орынның жалпы саны 108 мың болса, оның 23 337-сі жалға алынған. Алматыда 14 жоғары оқу орнынан 3 964 студент хостелдерде тұрады.

Олардың арасында:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  • "Тұран" университеті;
  • Халықаралық білім беру корпорациясы;
  • "Нархоз" Университеті;
  • Еуразиялық технологиялық университеті;
  • Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;
  • Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты;
  • Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті;
  • Қ. Сағадиев таындағы Халықаралық бизнес университеті.

Министрлік "Білім туралы" заңға сәйкес білім беру ұйымдары студенттерді жатақхана орындарымен білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қамтамасыз ететінін атап өтті. 2023 жылы жатақханалардың болуына қатысты университеттерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілген.

Министрлік Алматыдағы қайғылы оқиғаға байланысты қандай қорытынды жасалғанын және студенттердің жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолданылатынына жауап бере алмады. 1 желтоқсанда Алматыдағы жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өтті. Өзге өңірлердегі жоғары оқу орындарымен кездесуді 15 желтоқсанға дейін өткізу жоспарланған.

Еске салайық, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты: төрт шетелдік (Өзбекстан мен Ресей азаматтары) және тоғыз Қазақстан азаматы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети