02 қазан 2016 11:17

Алматыда ҚазККА-ның жоғалып кеткен студенті өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының жоғалып кеткен студенті Алиясилов Әлішер мәйітханадан табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің топтастарының бірі айтты. Студентті туыстары мен достары таныған. Әзірше оқиғаның мән-жайы белгісіз. 

Жігіттің жоғалғаны жайында хабарландырулар көшелерге таяуда ғана іліне бастаған. "1999 жылдың 19 мамырында туған Алиясилов Әлішер із-түссіз жоғалып кетті. 28 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, оралмаған. Соңғы рет оны жоғалған күні көргендер бар. Әлішер колледжден шығып, үйіне жетпеген. Әлеуметтік желілерде белсенді емес. Қара свитер, қара водолазка, көк джинс, қара аяқ киім киген. Ешқандай ауытқушылығы немесе ауруы болмаған", - делінген еді хабарландыру қағазында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети