08 ақпан 2021 15:29

Алматыда көлік аударылып, Розыбакиев көшесінде кептеліс пайда болды

Фото: instagram.com/kris.p.online

Алматыда Розыбакиев көшесінде Lifan автокөлігі аударылып, жолаушы зардап шекті. Куәгерлер жол апатына байланысты үлкен кептеліс пайда болғанын айтып жатыр. Алматы полиция департаменті апаттың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Розыбакиев көшесінде Lifan автокөлігі аударылып, жолаушы зардап шекті. Куәгерлер жол апатына байланысты үлкен кептеліс пайда болғанын айтып жатыр. Алматы полиция департаменті апаттың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы kris.p.online парақшасында жарияланды. Апат Розыбакиев пен Левитан көшелерінің қиылысында болған.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

"Көлік аударылды. Кептеліс үлкен. Маршрут түзеңідер", - делінген видео сипаттамасында. 

Апаттың мән-жайын Алматы полиция департаменті өкілдері айтып берді. 8 ақпанда Lifan көлігінің жүргізушісі Розыбакиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқаны белгілі болды. Ол Левитан көшесінің қиылысында солға бұрылып, Розыбакиев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Volkswagen Transporter көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lifan автокөлігі аударылып, жолаушы зардап шекті. Аталған факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деді Алматы қаласы Жол-көлік оқиғасын анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram