Алматыда көлік жүргізушісі бір әйелге қару кезенді

16 Сәуір 2014, 16:25
0
Алматыда көлік жүргізушісі бір әйелге қару кезенді - Бейнерегистратор кадры
Бейнерегистратор кадры

Алматы көшелерінде автокөлік жүргізушісі бір әйелге қару кезенген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 сәуір күні сағат 12.00 шамасында Заря Востока елді мекенінде әйел өзінің Daewoo Matiz көлігімен келе жатқан. Көлікте үш жасар сәбиі болған. Сол кезде Бердіғұлов көшесінен Ұйғыр көшесіне 754, 05 деген мемлекеттік нөмірі бар қара Range Rover шыға келеді.

"Мен оған дабыл бердім, ол жолдың бойына тоқтады да, маған қарады, мен оған қолыммен "шықтың ба, енді жүре бер" дегенді ишараладым. Ол тапанша шығарды да, дөңгелегіме кезенді, мен оған бейнерегистраторды бағыттадым, ол кезеніп тұрды да, жұріп кетті. Мен оны балағаттаған емеспін, ешқандай жест көрсетпедім, машинада сәби болған еді, жай ғана дабылды қосқан болатынмын", - дейді әйел.

Ол Алатау аудандық ішкі істер басқармасына шағым түсірді. "Авариялық жағдай туғызып алып, қалай қару кезенуге болады, басыма сыймайды. Балам қорқып кетті, "неге өлтіргісі келді" деп сұрады. Мен қорқып та үлгермедім, мұндай әрекетке тек есі дұрыс емес адам ғана барады", - дейді әйел. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай