Алматыда көлік нөмірлерін ұрлаған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік нөмірлерін ұрлаған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр Скрин видео

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода жасөспірімдердің көлік нөмірлерін ұрлап, мақтанғанын көруге болады. Ролик Instagram-дағы @kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

"Мас жасөспірімдер көліктің нөмірлерін ұрлап, оның видеосын желіге жүктеп жатыр. Мұны жариялаңыздаршы, жоғалған нөмірін біреу тауып қалар", - делінген жазбада.

Кадрлар түнде түсірілген. Роликтен жасөспірімдердің көлік нөмірлерін ұстап отырғанын көруге болады.

"10 минутта екінші нөмірді алдық. Даша, екіншісін көрсетші. Міне, осылай", - дейді видеодағы қыз. 

Алматы қаласы полиция департаменті видеодағы жасөспірдер іздестіріліп жатқанын атап өтті.

"Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімі тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Олар видеодағы жастардың кім екенін анықтап жатыр. Олардан міндетті түрде жауап алынып, заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, видеодағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері кімге тиесілі екені анықталды. Айтуынша, ол көлігінің нөмірін 15 шілдеде жоғалтып алған. Алайда ұрлық дерегі бойынша полицияға арыз бермеген", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети