Алматыда көлікке ағаш құлап кетті: Әйелге ота жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлікке ағаш құлап кетті: Әйелге ота жасалды © Tengrinews.kz

Дәрігерлер Алматыда көлікке ағаш құлауы салдарынан зардап шеккен әйелдің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматыда көлікке ағаш құлауы салдарынан зардап шеккен әйелдің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға Құрманғазы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған. Үлкен ағаш көліктің үстіне құлап кеткен.

Орталық қалалық № 12 клиникалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Берік Ерғалиевтің айтуынша, 12 тамызда сағат 18.15-те болған төтенше жағдайдың нәтижесінде ауруханаға 44 жастағы әйел түскен. Оған бірден ота жасалған.

"Бүгін ем алып жатқанына екі тәулік болды. Ал мұндай бас ми жарақатымен әлі ауруханада кем дегенде 10 күн болады. Барлығы жағдайына байланысты", - деді дәрігер.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екінші зардап шеккен 1995 жылғы қыз амбулаторлық ем алып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети