04 қазан 2018 | 13:12

Алматыда көлікпен әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы полициясы әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 жастағы жүргізушіге бес жол ережесін бұзу дерегі бойынша айып тағылды. Жолдың қарсы бағытымен жүргені үшін ол көлік жүргізу құқығынан алты айға айырылады. Жігіт өз кінәсін мойындады және өз ісіне өкініш білдіретіні жайлы сөзін Алматы полициясының қызметерлері видеоға түсіріп алған. 

"Құрметті қалалықтар, кешірім сұраймын әл-Фараби даңғылы бойымен кері бағытта жүргенім үшін өкінемін және енді қайталамаймын деп уәде беремін. Менің қатемді ешкімнің қайталамауын сұраймын", - деді жүргізуші. 

"1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін - 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама - 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама - маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау - ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама - маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті", - дейді  Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Видео Instagram желісінде жарияланды. Роликтен ережені өрескел бұзған жүргізушіге басқа көлік иелерінің жол беріп отырғанын көруге болады. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan)

Сөйтсек, ол 2015 жылы түсірілген видеоны жариялаған. Онда ер адам кептелісті айналып өту үшін қарсы бағытпен жүруге мәжбүр екенін айтады. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan)

Полициядағылар жол ережесін бұзған жігіттің жауапкершілікке тартылатынын айтады.

"Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тексеру шараларына кірісіп кетті. Автор жариялаған осы видеода бірнеше жол жүру ережесі қатаң бұзылған. Әкімшілік заңнамаға сәйкес шара қолданылатын болады. Қазіргі уақытта оған іздеу жарияланды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жол ережесін бұзған ер адамның парақшасында тағы бір видео жарияланды. Видеода жігіт асфальттың үстінде шанамен сырғанап жүргені түсірілген. Шана жүріп бара жатқан көлікке байланған.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan)

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети