Алматыда көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, олардың иесіне нөмірді сатып алуын талап етіп жүрген ұрылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, олардың иесіне нөмірді сатып алуын талап етіп жүрген ұрылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай хабарламалар әлеуметтік желілерде пайда болды. Белгісіз біреулер көліктердің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, оларды қайта алу үшін ақшаны қайда жіберу керектігі жазылған хат қалдырып кетіп жүрген.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері полицияға осы мәселе бойынша 9 адамның шағымданғанын айтады.
"2018 жылдың 26 шілдесіндегі жағдай бойынша Алматыда көліктерден мемлекеттік нөмірлерді шешіп алу деректері 9 рет тіркелген. Олардың сегізі анықталып, материалдар сотқа жолданған. Қылмыскерлер "Мен сіздің мемлекеттік нөміріңіз қайда екенін білемін. Мына нөмір бойынша хабарласаңыз: ххххххх" деп хат қалдырып жүрген", - деп хабарлады полициядағылар.
Қалалық ІІД мәліметінше, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстық топ әшкереленіп, барлығы ұсталған.