29 тамыз 2016 14:32

Алматыда көліктің бір қызды жаяу жүргінші жолында қағып кеткен сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда жүргізушінің қарсы жолға шығып, жаяу жүргінші жүретін жерде қызды қағып кеткен сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Motor.kz. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Майлин көшесіне жетпей Шемякин көшесінен солтүстік бағытта болған.

Қарсы жолаққа шығып кеткен Mercedes-Benz W211 жүргізушісі жаяу жүргінші жолында өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Видеоға қарағанда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағының алдына тоқтаған Toyota RAV4 көлігін көрмей қалған.

Куәгердің айтуынша, бұл оқиға осы сенбіде шамамен сағат 17.55-те болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қыз жолдың шетіне ұшып кеткен. Кейіннен ер адам Mercedes көлігінен шығып, зардап шеккен қызды өзінің көлігіне отырғызған. Видеодағы кадрларға қарағанда, қыз есін жоғалтқан. Алайда қағып кеткен жүргізуші қызды ауруханаға жеткізді ме, жоқ па әлі белгісіз.

Ескерту! Видеода балағат сөздер айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети