Алматыда колледжден қыз алып қашқандардың видеосы жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
YouTube видеоролигінен алынған кадрлар YouTube видеоролигінен алынған кадрлар

Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленген видеоролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленген видеоролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында пайда болды. Видео сипаттамасына қарағанда, оқиға 12 қараша күні Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде болған. "Қыз сол колледждің студенті. Оны қырғыздардың номері бар көліктегі жігіттер ұрлап әкетті", - делінген сипаттамада. Қалалық ІІД мәліметінше, бұл видео тексеріліп жатыр, алайда ол туралы ақпарат әзірше жоқ. Оқу орны да болған оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

 

Еске сала кетейік, биыл мамырда осыған ұқсас оқиға Шымкентте болды. Аты-жөнін жасырған қолданушы әлеуметтік желіде Шымкенттегі қыз алып қашқандар түсірілген видеоны жариялады. Алдымен instavideo_kaz парақшасында пайда болған жазбада екі жігіттің ақ түсті көлікке қызды күштеп отырғызғаны көрінеді. Ролик "ең қызық жерінен" үзіліп қалады. 

Кейін Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз ақыры тұрмысқа шығуға келісім берді. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі өзіне ұрланған қыздың телефон арқылы хабарласып, видеодан өзін көргенін және өз жағдайының жақсы екенін айтқанын мәлімдеді. Сөйтсе, ұрланған қыз ақыры өзін алып қашқан жігіттің біріне тұрмысқа шығуға келісім беріпті. Десе де, қыз қандай да бір мәлімет беруден тас тартып, дау тудырған видеоны өшіріп тастауды сұрапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro