30 желтоқсан 2015 18:09

Алматыда кондуктордың теріс қылығы автобус жолаушыларының жағасын ұстатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Алматыда 81-ші автобустың жолаушысы кондуктордың балағат сөз айтқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, оқиға 2015 жылдың 30 желтоқсанында сағат 8.15 шамасында болған.


Алматыда 81-ші автобустың жолаушысы кондуктордың балағат сөз айтқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, оқиға 2015 жылдың 30 желтоқсанында сағат 8.15 шамасында болған.

Бұл уақытта видео авторы күнде мініп жүрген автобусында отырады. "Мен бұл кондукторды алғаш рет көріп отрымын. Құлаққап киіп тұрғанмын, біреудің мені итеріп жатқанын байқадым. Құлаққабымды шешіп, не болғанын сұрадым. Ол маған: "Ей, мына жаққа тұра аласың ба?" деді. Мен одан дұрыс сөйлесуін сұрадым. Ал ол маған сыпайы сөйлесетіндей оның анасы да, қарындасы да емес екенімді айтты", - деді жолаушы. Ол ер адамның қолымен жолын жауып тастағанын да айтты. Жолаушы қыз шағымын автобус жүргізушісіне айтады. Дегенмен ол бұған мән бермеген. Осыдан кейін қыз кондуктордың әрекетін видеоға түсіре бастайды.

"Мына адам клиенттермен сөйлесе алмайды. Басқа жолаушылар сияқты менде мұны инстаграмға салғым келді", - деді қыз ролик астында. Осыдан кейін кондуктор қызға сұқ саусағын көрсетті. Ролик авторы автобустағы жолаушылардың кондуктордың әрекетіне таңғалмағанын жеткізді. Сонымен қатар, қыз автобустағы жолаушылардың жолақыны қолма-қол төлегенін, дегенмен ешқандай билеттің берілмегенін айтты.

Жолаушылар транспорты басқармасы өз кезегінде видеода автобустың мемлекеттік номері көрсетілмегендіктен шара қолдану мүмкін емес екенін мәлімдеді. "Дегенмен "Транс сервис" ЖШС-ға осы маршрут жүргізушілерінің әрекетін бақылауға алу тапсырылды. Автопарк басшылығы әр жүргізушімен жеке сөйлеседі", - деді басқарма өкілдері. Сонымен қатар, 2016 жылдың 11 қаңтарына дейін қолма-қол төлем жүйесінің жүре беретіні хабарланды. "2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап төлем жүйесі толықтай электронды формаға өткізіледі", - деді әкімдік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети