Алматыда контрабандашылармен болған атыстың видеосы Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда контрабандашылармен болған атыстың видеосы Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Carskz топтарының біріне жүктелді. Видеодан Volkswagen Transporter шағын автобусының полицейлерден қашып құтылу үшін жоғары жылдамдықпен жүйіткіп бара жатқанын көруге болады. Оның соңынан бірнеше жол-патруль полициясы автомобильдері қуды. Бірнеше минуттан кейін Торайғыров пен Мұстафин көшелері орналасқан ауданда шағын автобустың дөңгелегіне оқ тиіп, аударылып қалды.
Еске сала кетейік, оқиға 28 маусымда болды. Куәгерлердің айтуынша, жол полицейлері ереже бұзған Volkswagen автомобилін байқап қалған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тоқтау туралы бұйрығын Volkswagen жүргізушісі ескермей, қаша жөнелді. Полицейлер қару қолдануға мәжбүр болды.
Алматы полицейлері оқ ату арқылы тоқтатқан автомобильде халықтық тұтыну тауарлары болған. "Аян" бекетінде өткізілген шара барысында мемлекеттік кірістер департаменті мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері іші қалталарға толы екі автомобильді тоқтатқан. Тексеру барысында автомобиль салондарында кішкентай балаларға арналған, ер адамдар мен әйелдерге арналған тауардың болғаны және оларға тауар тасымалдау туралы құжаттың болмағаны анықталды.
Екі автомобильдің жүргізушісі де ұсталды. Осы дерек бойынша сталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.