19 шілде 2017 13:57

Алматыда көпқабатты үйде пәтер өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты үйде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамедоваға сілтеме жасап.


Алматыдағы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты үйде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамедоваға сілтеме жасап.

"2017 жылдың 19 шілдесінде сағат 13:25-те Алматы қалалық ТЖД-ның "101" пультіне Қабанбай батыр, 138 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түсті. Бірінші өрт сөндіру есебі оқиға орнына 13:33-те жетті. Оқиға орнына қосымша күш пен құралдар тартылып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Баймұхамедова өрт сөндірушілердің жұмыс істеп жатқанын және қосымша ақпараттың кейінірек хабарланатынын жеткізді.

Кейін шамамен 50 адамның эвакуацияланғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети