05 сәуір 2018 | 18:30

Алматыда көпқабатты үйде шыққан өрт толығымен сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт толығымен сөндірілді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт толығымен сөндірілді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт 18:06-да сөндірілген. Адамдар жақын маңдағы № 177 мектепке қоныстандырды. 

Айта кетейік, Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан 300 адам эвакуацияланғаны хабарланды

16:03-те Алматы ТЖД" "101" пультіне Жетісу ауданы, "Көкжиек", 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру қызметінің бірігщі бригадасы 16:11-де келген. Ол кезде үйдің 1-5 қабат аралығындағы алдыңғы бөлігі өртеніп жатқан. Өрт аумағы - 1000 шаршы метр. 

"Үйдің шатыры да өртенген. Өрт сөндіру қызметкерлері екінші қайтара тағы да шақыртылған. Қазіргі уақытта Алматы қалалық Өрт сөндіру қызметінің 70-тен аса өрт сөндіруші мен екіден аса арнайы техника жұмылдырылған. 300 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - делінген ведомство хабарламасында. 

"Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрттің видеосы оқырманда редакцияға жіберіп жатыр. 


видео: Kris_p_Almaty

"16:03-те Алматы ТЖД" "101" пультіне Жетісу ауданы, "Көкжиек", 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар эвакуация жүргізіп, өртті сөндіріп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.


Видео авторы К. Шарипов 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети