©"Территория происшествий"
Алматыда көпқабатты үйдің ауласында автокөлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.
Алматыда көпқабатты үйдің ауласында автокөлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Сайран ықшамауданында 29 қыркүйектің түнінде болған. Ал өртке оранған көліктің маркасы Opel екені анықталды.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері келді, алайда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың неден шыққаны анықталып жатыр.
Суреттер: "Территория происшествий"