03 тамыз 2017 | 10:25

Алматыда көпірден құлап, көлік басып кеткен қыз туралы жаңа деректер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының ІІД-нің өкілдері көпірден құлаған сәтте көлік басып кеткен қыздың оқиғасына қатысты ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының ІІД-нің өкілдері көпірден құлаған сәтте көлік басып кеткен қыздың оқиғасына қатысты ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицияның мәліметі бойынша, қыз бала "Шизофрения" диагнозымен Алматының психикалық саулық орталығында тіркеуде болған. 

Тергеу болжамы бойынша, Алатау ауданында тұрып жатқан 22 жастағы алматылық өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. 

"Қыз 2006 жылдан бері Алматының қалалық психикалық саулық орталығында "шизофрения" диагнозымен тіркеуде тұрған. Ара-тұра ауруханада жатып емделген, 20 күн бұрын кезекті рет емделіп шыққан. Оқиғадан бұрын ол әпкесімен ұрсысып шығып кеткен. Бұл өзіне қол салу болуы да мүмкін", - дейді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Еске салайық, қыз бала Момышұлы көшесіндегі көпірден құлаған, осы кезде көшемен төменге келе жатқан Hyundai Accent қызды басып кеткен. 

"Өлім себебін сот-медециналық сараптама көрсетеді. Сотқа дейінгі тергеуді Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы жүргізіп жатыр", - дейді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети