Алматыда қоймадан өрт шықты

18 Шілде, 09:15
0
Алматыда қоймадан өрт шықты - ДЧС Алматы ТЖД баспасөз қызметінің фотосы
ДЧС Алматы ТЖД баспасөз қызметінің фотосы

Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Портал оқырмандарының мәліметінше, қазіргі уақытта "Саяхат" маңы түтінге батып, ыс шығып тұр. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

"2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртсөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті алауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған. 

"Казавиақұтқару" АҚ бортын әуеге көтердік", - деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта суағар тіркелген тікұшақ өрт үстіне су шашып жатыр. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қоймада 200 тонна лак және бояу шығару бұйымдары бар. 

Бұған дейін 18 шілдеге қараған түні Алматыда үш жекеменшік үй мен шаруа құрылысы өртенгені хабарланған еді. Өрт Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай