Алматыда қоймадан өрт шықты. Түтін қала орталығынан көрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қоймадан өрт шықты. Түтін қала орталығынан көрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде өрттің видеосы тарап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің Жетісу ауданындағы Ангарская көшесі, 133А мекен-жайында болғанын хабарлады. 9 қазанда сағат 17.16-да куәгерлерден қоңырау түскен.
«Оқиға орнына жеті минутта жеткен соң, жағдай келесідей болды: жеке қойма (бір қабатты) жанып жатты. Өрттің таралу қаупі жоқ. Қойма толығымен металдан жасалған, ғимарат электр энергиясынан босатылған", - деді Алматы ТЖД қызметкерлері.
Өрт 22 минут ішінде ауыздықталған. Қазір өрттің аумағы анықталып жатыр.
Өрт түтіні Алматы орталығынан да көрінді.
Өртті сөндіруге 12 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!