Алматыда куәгерлер автобус жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзған сәтін видеоға түсіріп алды

09 Қаңтар 2016, 16:01
0
Алматыда куәгерлер автобус жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзған сәтін видеоға түсіріп алды - Ролик кадрынан
Ролик кадрынан

Алматыда 67-ші автобустың жүргізушісі көлікті қарсы бағыттағы жолға шығып айдады. Оқиға бүгін сағат 13.00 шамасында Момышұлы көшесінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға куәгері болған Мұрат Смағұловтың айтуынша, жүргізуші жолаушылардың өмірін қатерге тігіп қана қоймай, жол қозғалысына кедергі келтірген.

"Біз Момышұлы көшесімен келе жатып осы автобусты байқап қалдық. Жүргізуші жолаушылардың өміріне қауіп төндірумен қатар, жол бойындағыларға да қатер төндірді", - деді Мұрат Смағұлов. Автобус қарсы бағыттағы жолда автомобильдер көбейгеннен кейін ғана дұрыс жолға түскен.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай